Mastercard картасымен «Оффер Мастеркард» модулі арқылы 100% төлеген кезде жылдық жазылымға біржолғы жеңілдік.
1 Терминдер мен анықтамалар
- Ұйымдастырушы — «The Boss media group» ЖШС, БСН 071140021902, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 41, 20.12.2025 жылғы № 1 Ынтымақтастық туралы меморандум негізінде әрекет етеді.
- Сайт — Ұйымдастырушының интернет-ресурсы, Интернет желісінде орналасқан мекенжайы: https://uchet.kz/.
-
Жылдық жазылым — Қатысушыға көрсетілген өнімдердің кез келгеніне 365 (үш жүз алпыс бес) күнтізбелік күн мерзімге рұқсаттама беру:
- «Uchet.kz»-ке — орналасқан жеріне қарамастан, бухгалтерлік есеп және салық салу мәселелері бойынша маңызды ақпаратты онлайн режимінде жедел алуға мүмкіндік беретін https://uchet.kz/ мекенжайы бойынша орналасқан дерекқоры бар «Uchet.kz» электрондық зияткерлік жүйесіне.
- «Учёт.ЭДО» сервисіне — Орындаушының серверінде орналастырылған, заңды маңызы бар құжат айналымын қамтамасыз етуге арналған, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық технологиялар мен байланыс құралдарының жиынтығын білдіретін арнайы әзірленген «Учёт.Электрондық құжат айналымы» жүйесіне, онда тараптар арасында электрондық нысанда ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Жүйе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, қағаз тасығыштағы қол қойылған құжаттарға тең электрондық құжаттарды орналастыруға және оларға қол қоюға мүмкіндік береді.
- «Учёт.Проверка контрагента» сервисіне (бұдан әрі — Сервис) — компаниялар мен жеке кәсіпкерлер туралы ақпаратты, оның ішінде сенімділік туралы ақпаратты салыстыруға арналған ақпаратты жинауды, сақтауды, іздеуді, өңдеуді және пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық ресурстардың, ақпараттық технологиялар мен байланыс құралдарының жиынтығын білдіретін ақпараттық жүйеге.
- Акция — «Портал Учёт» ЖШС, «Учёт IT» ЖШС сатылымдарын ынталандыруға бағытталған маркетингтік іс-шара.
- Қатысушы — заңды немесе 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының резиденті, әрекетке қабілетті жеке тұлға.
- Mastercard картасы — Қазақстан Республикасының кез келген резидент банкі эмиссиялаған Mastercard төлем жүйесінің банк картасы (дебеттік немесе кредиттік).
2 Жалпы ережелер
Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады. Қатысушының осы Ережелердің 4.1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жасауы осы оферта шарттарының толық және сөзсіз акцепті болып табылады.
Акция «Портал Учёт» ЖШС, «Учёт IT» ЖШС клиенттерінің адалдығын арттыру және қызметтерді қолма-қол ақшасыз төлеу тәсілдерін танымал ету мақсатында өткізіледі.
3 Акцияны өткізу мерзімдері мен аумағы
Акцияны өткізу мерзімі: 2026 жылғы «17» маусымнан бастап қоса алғанда 2026 жылғы «16» қыркүйекке дейін, не Акцияның жалпы жеңілдік қоры таусылған сәтке дейін (қандай оқиғаның бұрын басталуына байланысты).
Акция Қазақстан Республикасының барлық аумағында Жылдық жазылымды ресімдеу және төлеу кезінде қолданылады.
4 Қатысу шарттары және жеңілдік беру тәртібі
Акцияға қатысу және жеңілдік алу үшін Қатысушы Акцияны өткізу кезеңінде:
- Сайтта авторлануы / тіркелуі (тіркелмеген жағдайда);
- Рәсімдеу үшін «Жылдық жазылымды» таңдауы;
- Төлем сатысында «Mastercard төлемі» төлем тәсілін таңдауы;
- «Оффер Мастеркард» модулін пайдалана отырып, Жылдық жазылымға 100% төлем жүргізуі қажет.
4.1-тармақта көрсетілген шарттарды орындаған кезде Қатысушыға Жылдық жазылымның стандартты құнынан 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы жеңілдік беріледі.
Акция шеңберіндегі барлық есеп айырысулар тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңгемен (₸) жүргізіледі.
Жеңілдік Mastercard картасының деректемелерін енгізу және Сайтта төлемді растау сәтінде автоматты түрде есептеледі және қолданылады.
Осы Акция бойынша жеңілдік Ұйымдастырушының басқа промокодтарымен, арнайы бағаларымен немесе бонустарымен қосылмайды.
5 Шектеулер мен ерекше шарттар
Акцияның жалпы жеңілдік қоры шектелген. Ұйымдастырушы бюджет таусылған жағдайда Акцияны өткізуді мерзімінен бұрын тоқтату құқығын өзіне қалдырады. Акцияны тоқтату туралы ақпарат Сайтта жарияланады.
10 000 теңге мөлшеріндегі жеңілдіктің ақшалай баламасын қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз ақша қаражатымен төлеуге, сондай-ақ оны басқа артықшылықтармен ауыстыруға жол берілмейді.
Қатысушының бастамасы бойынша Жылдық жазылымнан мерзімінен бұрын бас тартқан жағдайда (егер бұл сервис ережелерінде көзделсе), ақшалай қаражатты қайтару Қатысушы нақты төлеген сомадан, берілген жеңілдікті ескере отырып, Жылдық жазылымның нақты пайдаланылған кезеңінің құны мен Банк комиссияларын шегере отырып жүзеге асырылады.
6 Дербес деректер
Акцияға қатыса отырып, Қатысушы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес осы Акцияның шарттарын орындау мақсатында Ұйымдастырушыға дербес деректерді (ТАӘ, телефон нөмірі, email) жинауға және өңдеуге өзінің сөзсіз келісімін береді.
7 Қорытынды ережелер
Ұйымдастырушы Сайтта жаңартылған редакциясын жариялай отырып, осы Ережелердің шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
Осы Ережелерде көзделмеген барлық жағдайларда Ұйымдастырушы мен Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және Өнімдердің әрқайсысының оферта шарттарының талаптарын басшылыққа алады.
Ұйымдастырушы
Директор — Барышев М. А.